28.02.2017, 21:26
Оқылды: 39

Жазушы Қайыр Құрақұланды еске алды

Screenshot_2017-02-28-23-54-25-1Бүгін Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада "Есімі жүректерде сақталады" атты әдеби кеш өтті.


Педагогика саласының ардагері, ұзақ жылдар жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқыған ұстаз, бірнеше прозалық жинақтың авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бекзат болмысты азамат Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) 80 жыл толуына орай өткізілген кешке зиялы қауым өкілдері жиналды. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат еткен шарада осыдан әдебиетсүйер қауымға жақсы таныс Қайыр Құрақұлан туралы әдемі естеліктер айтылды. Әдеби кеште жазушының жары Надежда Жұбайқызы құрастырған " Шығармалар. Естеліктер" атты кітаптың тұсауы кесілді.
Шараға қатысқан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Айтқали Нәріков, жазушының зайыбы Надежда Жұбайқызы, ардагер журналистер Базарғали Қуатов, Тихон Әліпқали, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, қаламдас інілері Ғайсағали, Сейтақ, Бауыржан Ғұбайдуллин, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың доценті Болатқали Төлебаев сынды зиялы қауым өкілдері жазушының жанының тазалығы, еңбекқорлығы, әдебиетке адалдығы туралы әдемі естеліктер айтты.
Жазушының құнды дүниесі қойын дәптері, кітаптары мен мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалары қойылған "Ұстаз. Жазушы. Азамат" атты кітап көрмесі де оқырманға әдемі әсер сыйлады.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале