23.04.2019, 12:43
Оқылды: 64

Жеке емханаларда тегін медициналық көмекті қалай алуға болады?

Қазақстанда әр азамат тегін медициналық көмек ала алады. Ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі деп аталады (ТМКК). 2018 жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі қызметінің операторы болып табылады.

chastnye kliniki

Қордың БҚО бойынша филиалы 2019 жылы 51 медициналық ұйыммен, соның ішінде 15 жеке емханамен 32,9 млрд. теңгеге шарт жасасты. ҚР азаматтарына және оралмандарға бюджет қаражаттары есебінен ұсынылады және оған алдын алу, диагностика және тиімділігі дәлелденген емдік медициналық қызметтер кіреді.  Жеткізушілерді таңдау ҚР Денсаулық сақтау министрінің  №591 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

ТМККК республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы қаржыландырылады. Тарифтер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде белгіленеді.

ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді жеке емханаларда қалай алуға болады?

Ең алдымен, жеке медициналық клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының деректер базасына тіркелуі  тиіс, бұл дегеніңіз, жеке емхананың «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҮЕАҚ-мен шартқа тұруы қажет деген сөз. Екіншіден, сіз міндетті түрде осы жеке медициналық емханаға тіркеліп тұруыңыз қажет. Батыс Қазақстан облысында 23 медициналық клиника алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, солардың ішінде 2 жеке емхана да бар: «Медицинский центр» ЖШС және «Медикер» ЖШС.

Еске сала кетсек, тіркелу науқаны жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізіледі, науқан кезінде тұрғындар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҮЕАҚ-мен шартқа тұрған кез келген ұйымға БМСК (емханаларға) тіркеле алады. Сондай-ақ емхананы келесі себептерге байланысты ауыстыруға да болады:

  1. басқа мекенжайға көшкен кезде;
  2. егер сіздің емхана жабылып қалса, қызметтерді көрсетуді тоқтатқан кезде, ұйым қайта құрылғанда, Медициналық сақтандыру қорымен шартты ұзартпаған кезде немесе басқа себептермен шарттан айырып қалған  жағдайда;
  3. Сіз көптен бері (мүмкін ешқашан) емхананы ауыстырмаған боларсыз, ал қазіргі емхана ұнамайтын болса, Сіздің жылына 1 рет қызмет көрсету орнын ауыстыруға құқыңыз бар;
  4. Егер сіздің үйдің қасынан жаңа емхана ашылса және ол Қордың жеткізушілерінің тізіміне енген болса, емхананы ауыстыруға болады.

                 

«ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиалы      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале