14.02.2017, 16:48
Оқылды: 57

Жеке инвестиция есебінен 51 нысан іске қосылды

Былтыр Орал қаласына тартылған инвестиция көлемі 52 млрд. теңгені құрады. Ал жергілікті бюджет қаражатынан инвестиция көлемі 15% көбейіп, 6,4 млрд.теңгені құрады.


Сонымен қатар банк несиелері мен басқа да қарыз қаражаты есебінен инвестиция көлемі 24%-ға өсті.

«Бұл мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың оңтайлы әсері. Жеке инвестиция есебінен нақты құны 5 млрд. теңгеге жуық құрайтын 51 нысан іске қосылды» дейді Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале