18.01.2018, 15:51
Оқылды: 44

Жемқорлардан 20 миллионға жуық айыппұл өндірілген

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО соттарының 2017 жылғы жұмыс қорытындысы туралы баяндалды. Баспасөз мәслихатына БҚО сотының төрағасы Бек Әметов және облыстық соттар әкімшісі Нұрлан Қажғанов қатысты.

Сот төрағасының мәліметінше, өткен жылы республика бойынша сот саласымен 1 миллион 300 мыңға жуық іс қаралған болса, соның 50 618-і біздің облысқа тиесілі.

- Жыл ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша 36 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралып, 13 адам сотталып, 13 тұлғаға айыппұл салынып, 10 адамға түрлі жазалау шаралары қолданылған. Аталған баппен айыпты деп танылған 13 тұлғадан мемлекет тарапына 20 миллионға жуық теңге айыппұл өндірілді. Жыныстық қол сұғылмаушылық бабымен 24 іс бойынша 25 тұлғаға қатысты іс қаралып, олардың 18-і бас бостандығынан айырылған. Қаралған 24 қылмыстық істің 11-і өте ауыр қылмыс түріне жатады. Адам өлтіргені үшін 2016 жылы 40 тұлғаға қатысты 27 іс қаралған болса, өткен жылы 21 тұлғаға қатысты 18 қылмыстық іс қаралып, олардың барлығы бас бостандығынан айырылған. Экстремистік және террористік әрекеті үшін 17 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық іс қаралып, 16 адам сотталған. Бүгінгі таңның күйіп тұрған өзекті мәселесінің бірі – мал ұрлығына қатысты 53 тұлғаға 27 қылмыстық іс қаралып, 8 адам бас бостандығынан айырылып, қалғандарына жазаның шартты түрі тағайындалған,-деді сот төрағасы Бек Әметов.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале