11.12.2019, 17:56
Оқылды: 53

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы шамамен 100 кәсіпорын салалық міндеттерді бірлесіп шешу үшін бірікті және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі «Qaz Textilе lndustry» өзін-өзі реттеу ұйымын құрды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады egemen.kz.

dsc04761

Ұйымның негізгі мақсаты – жеңіл өнеркәсіп саласының экономикадағы үлесін арттыру үшін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын біріктіру және отандық тауар өндірушілердің экспортқа шығуына көмектесу.

«Qaz Textilе lndustry» қамқорлығымен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік кооперациясын дамыту, шикізат пен фурнитурадан жоғары бөліністі дайын бұйымдарға дейін тұрақты байланыс тізбегін құру жоспарлануда.

Ұйымның алдына жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық тауарлардың, тауарлары мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту, экономика мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын саланы дамыту үшін ғылыми-техникалық технологияларға қол жеткізуді енгізу, саладағы қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру бойынша міндеттер қойылды.

Ұйым саладағы жергілікті қамтуды дамыту мен тоқыма және былғары өнеркәсібі кәсіпорындарын қосылған құны жоғары өнім өндіретін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін шикізат өндірісіне бағыттаумен айналысатын болады, саланы дамыту мақсатында мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауға, қосылған құны жоғары жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару бойынша саланың экспорттық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Саланың дамуы соңғы бес жылда сала ішіндегі кооперация үшін бірлестіктердің түрлі нысандарын қолданатын өндірушілердің өздерінің белсенді ұстанымымен байланысты. Мәселен, 2015 жылы Жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің одағы құрылды, ол 5,5 мың адам еңбек ететін 60-тан астам кәсіпорынды біріктірді, бұл жұмыспен қамтылған саланың жалпы санының 42% - ын құрайды.

Ұйымның жарғысы мен басқару органдары Нұр-Сұлтан қаласында өткен отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі барысында бекітілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі мен «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі «Qaz Textilе lndustry» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале