29.01.2018, 17:27
Оқылды: 26

Жеңімпаздар Павлодарға барады

 

Орал қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ күресінен 2003-2004 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының біріншілігі өтті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 280-дей жас палуан қатысты.

- Спортшылар он салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, қыздардың қазақ күресіне қызығушылығы артып келеді. Бұл жарыс Қазақстан біріншілігіне іріктеу кезеңі болып есептеледі. Наурыз айының 14-17 күндері аралығында Павлодар қаласында өтетін біріншілікте осы жарыстан бірінші және екінші орын алған палуандар өңіріміздің намысын қорғайтын болады,- дейді облыстық қазақ күресінен аға жаттықтырушы Асқар Нұрғалиев.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде Сабыр Бахитов (35 келі, Тасқала), Жалғас Тілекқабылов (38 келі, Жаңақала), Ерасыл Байдұқов (42 келі, Теректі), Мұқағали Өтепов (46 келі, Қаратөбе), Қайсар Сәрсенбиев (50 келі, Орал қ-сы), Ғани Еркеғұлов (55 келі, Жәнібек), Артур Сатыбалды (60 келі, Орал қ-сы), Еркебұлан Ахметқалиев (66 келі, Сырым), Серікболсын Қуанышов (73 келі, Жаңақала), Диас Талапкеров (+73 келі, Теректі) жеңімпаз атанды.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале