8.05.2018, 18:18
Оқылды: 23

Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

IMG-20180508-WA0057Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында облыс әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қабылдап, Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

Облыс басшысы мерекелік жиынға келген залдағы ардагерлердің әрқайсымен  амандасып, қал-жағдайларын сұрады. Одан кейін басқосуды ашып, биыл Ұлы Жеңістің 73 жылдығы тойланып отырғанын, соған орай ұйымдастырылған шараға келгендеріне ризашылығын білдірді.

-Ұлы мереке, тарихи мереке -  Ұлы Жеңіс күні қарсаңында кездесіп отырмыз. Бүгінде жеңімпаз аға буынның өнегесімен Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы өсіп келеді. Ол, ең біріншіден, сіздердің еңбектеріңіз. Оны біз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір біз Тәуелсіз Қазақстанда, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз, мемлекеттің дамуы сіздердің Жеңістеріңіздің арқасында. Ел басына күн туған қиын кезде, сын сағаты соққанда ерлікпен, батырлықпен соғысып, үлгі көрсеттіңіздер. Ұлы Отан соғысына 76 мыңнан астам жерлес қатысты. Солардың тең жартысы зұлмат соғыста шейіт болды.

IMG-20180508-WA0049Алдыңғы жылы Оралда үш батыр қыз - Мәншүк Мәметоваға, Әлия Молдағұловаға және Хиуаз Доспановаға ескерткіш орнаттық. Биыл Астананың 20 жылдығына орай Астананың Жеңіс даңғылының бойындағы саябаққа Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Мәншүк Мәметованың ескерткішін апарып қоямыз.  Сұм соғыста көрсеткен ерліктеріңізге басымызды иеміз. Біз сіздермен мақтанамыз. Ұлы Жеңістің 75 жылдығын бірге қарсылауға жазсын. Дендеріңіз сау болып, ортамызда аман-есен жүріңіздер. Күні кеше Волгоград қаласында Сталинград шайқасына қатысып, ерлікпен шайқасқан қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш ашылды. Елбасы, Жоғарғы бас қолбасшы Жамбыл облысындағы Гвардейский полигонында Отан қорғаушылар күніне орай өткен әскери шеруде барлық соғыс ардагерін, Жеңісті жақындату үшін тылда бел шешпей еңбек көрігін қыздырған тыл еңбеккерлерін қасиетті Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Елбасының сол құттықтауын сіздерге жеткізуге рұқсат етіңіздер. Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі жиында.

IMG-20180508-WA0051Басқосуда соғыс ардагерлері атынан И.Гапич, Х.Сафин, Қ.Сүйіншәлиев, М.Әбдірахманов, А.Митрохина және өзгелері жиналғандарды мерекемен құттықтап, ардагерлердің басын қосқан өңір басшысына алғыс айтты. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа – үлгі» демекші, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге облыстық мәслихаттың хатшысы М.Құлшар, облыстық және қалалық ардагерлер ұйымдары кеңестерінің төрағалары М.Мұхамбетов, К.Нығметов, генералдар атынан Сансызбай Үмбетәлиевтер алғыс айтып, игі тілектерін білдірді.

IMG-20180508-WA0042Жеңімпаз ұрпақтың өкілдері мерекелік дастарқаннан дәм ауыз тиіп, бір-бірімен емен-жарқын шүйіркелесіп, бір жасап қалды. Олардың әрқайсына өздерінің есімдері жазылған естелік кәдесый мен гүл шоқтарын облыс басшысы Алтай Көлгінов салтанатты түрде табыс етті. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониянің өнерпаздары дайындаған бағдарлама да мерекелік көңіл-күйді тасытып, жиналғандардың рухын көтерді. Фото Динара Киндербаева

 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Фото Динара Киндербаева

IMG-20180508-WA0044 IMG-20180508-WA0036

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале