11.08.2020, 8:58
Оқылды: 152

Жерлес күйші «Абай толғау» күйіне бейнебаян түсірді

Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері, белгілі күйші, жерлесіміз Досым Мақсотов ұстазы Қаршыға Ахмедияровтың «Абай толғау» күйіне бейнебаян түсірді.

6B5A58B4-E2C6-411C-9A54-47391F60748A

Досым Мақсотов бүгінде елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқытушылық қызметте.

Бұған дейін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның күйшісі болып қызмет атқарған.

- Бүгінде хакім Абайдың 175 жылдығын қазақ елі тойлау үстінде. Мерейтой құтты болсын!

Бұл күйдің авторы – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың Қаршығасы атанған дүлдүл күйші, 150-ден астам күйдің авторы Қаршыға Ахмедияров.

Ұстазым бұл күйді Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап шығарған екен.

Өте философиялық, Арқа стилінде шығарылған туынды.

Мен бұл күйді эстрадалық жанрға салып, формасын бұзбай алып шықтым деп ойлаймын.

Ал бейнебаянның түсірілуіне Ұлттық кітапханада өткен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты шара түрткі болды.

Содан жас режиссер Құштар ініммен ақылдаса отырып, елордада бейнебаянды түсірдік. Бейнебаянға Омар Жәлел ағамыздың да септігі тиді. Ұлттық академиялық кітапхана мен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры да қолдауын көрсетті, - дейді Досым Мақсотов.

Күй астанасы - Жаңақаланың тумасы Досым Мақсотов Қаршыға Ахмедияровтың бірден-бір шәкірті.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале