12.11.2019, 17:10
Оқылды: 156

«Жеті рухани қазық» тұғырнамасы насихатталуда

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық имамдар форумы өткен еді.

din (2)

Еліміздің 500 имамы қатысқан шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» секілді 3 құжат қабылданды.

 Қазіргі таңда Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің имамдары «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын халыққа кеңінен түсіндіру жұмысын бастап кетті. Мешіт имамдары кездесулерде форумда қабылданған құжат «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, маңыздылығына тоқталуда.

din (3)

Жалпы тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиетті – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті және әділдікті қамтиды. Адамның бойында бұл қасиеттердің бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние.

Тәжиден Батырұлы

 мешітінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале