29.12.2016, 12:43
Оқылды: 51

Жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

skori Орал-Атырау күре жолының Зеленов ауданы Щапов ауылының тұсында «ВАЗ-21102» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты.


  Жол апаты кеше сағат 19.25 шамасында тас жолдың 27-шақырымында болды. Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, «ВАЗ-21102» автокөлігінде отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмған.  Осы көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген.

  БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, қазіргі кезде 1983 жылғы және 1992 жылғы ер азаматтар облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінде жатыр, жағдайлары қанағаттанарлық. 1983 жылғы азаматтың жауырыны сынған.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале