8.08.2019, 18:11
Оқылды: 205

Жол бойы сервисінің даму келешегі бар

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің бастамасымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ менеджерлерімен кездесу өтті. Басқосудың негізгі тақырыбы жол бойындағы қызмет нысандарын дамыту болды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

WhatsApp Image 2019-08-08 at 18.06.05

Өңір басшысы жыл сайын облыс арқылы 500 мыңға жуық жүк автокөлігі өтетінін жеткізді. Облыс аудандарында тұратын адамдар үшін бұл табыс көзі болуы тиіс.  Ең аз есеп бойынша, әрбір осындай машина тұрақ, тамақтану, жанармай құю стансасы, қонақүй және т.б. жол бойындағы қызмет үшін кемі 5 000 - 10 000 теңге кіріс әкеле алады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірде жаңа республикалық жолдардың (Жәнібек, Сайқын, Тасқала, Орынбор, Самара бағытында) құрылысы басталды, бұл автокөлік ағынының артуына алып келуі тиіс. Алайда бұл үшін жол бойында сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету керек.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ менеджерлері қазіргі уақытта облыс жолдары бойындағы 90 нысанның тек 30%-ы ғана ұлттық стандарттың ең төменгі талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

Облыс әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (Медет Шақаев) бұл бағыттағы жұмысын қанағаттанарлықсыз деп атап өтті. Жол бойындағы қызметті дамытудың болашағына қарамастан, мұндай бизнесті ашуға ниет білдірушілердің жер учаскелері, жүк ағыны, мемлекет пен т.б. қолдау шаралары бойынша ақпарат алуына еш мүмкіндік жоқ.

Басқарма басшысына бір апта мерзімде кәсіпкерлерге түсінікті және сенімді интерактивті карта дайындау тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале