15.07.2020, 13:59
Оқылды: 76

Жол құрылысы  – ерекше бақылауда

Сейсенбі күні арнайы мониторингтік топ Орал қаласы шетінен орын тепкен Ескі әуежай аумағында  жүріп жатқан жол құрылыс нысандарын аралады. Жол құрылысын бақылайтын мониторингтік жұмыс тобы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасымен құрылған. Жол сапасын бақылау мақсатында құрылған топ кемшіліктерді бірден жоюға мүмкіндік беріп, қандай да бір ақау анықталған жағдайда акт толтырылып, мердігерлерді кемшілікті дер уақытында жоюға міндеттейді.

ee384339-a7e1-40f3-96bb-3ac056eea156

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Айтмағамбетов биыл өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» аясында 11 млрд. теңге қаражат бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға 50 жоба жүзеге асырылып 90 шақырымға жуық жол құрылысы жүргізілмек.

– Орал қаласында 35 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланды. Бүгінгі күні анықталған нысандар бойынша мердігерлік ұйымдар анықталып, жұмыс жасауда. Барлық нысанда техникалық қадағалау бар. Мониторингтік топ күн сайын шығып, жасалған жұмыстардың талапқа сай болуын тексеріп жүр. Көп жағдайда тротуарларды орнату кезінде бетон сапасының, қиыршық тас фракцияларының белгіленген нормативке сай келмеуі кездеседі. Бұл жағдайда кемшілікті жоюға уақыт беріледі. Белгіленген уақыт аралығында кемшілікті жоюы да үнемі бақылауда болады. Негізгі мақсат  – құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілгенін бақылау,  – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Айтмағамбетов.

f2c04da0-566a-48c0-b2e3-c23a94d1bad3

    "РСУ Транс" мердігерлік ұйымының бас инженері Әмір Жұмағалиев Алаш көшесіндегі 621 метр жолды қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.

– Жолдың екі жағынан тротуар салу қарастырылған. Құрылысты мамыр айының аяғында бастадық. Келісім-шарт бойынша төрт ай жарымда бітіруіміз керек. Қазіргі күнге дейін жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп 250 метр жерге қиыршық тас төселді. Жұмыс барысында орын алған ақаулар дер кезінде жойылды, - дейді бас инженер Әмір Жұмағалиев.

     Осы аудандағы Самал көшесінен  Тәуелсіздік көшесіне дейінгі жол құрылысын «ШамШин» мердігерік компаниясы жүргізуде. Жолдың ұзындығы  –  731 метр. Серіктестік өкілі Сұңғат Ақашаевың айтуынша, техникалық бақылаушы мердігерлік компания жұмысшыларымен бірге күнделікті құрылыс басында. Әр төсемнің тығыздығы, қалыңдығы бойынша келісімшарт негізінде лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Құрылысқа негізінен отандық өнімдер пайдаланылуда.

Мониторингтік топ екі нысанда да жолдардың жобаға сай болуын тексерді. Жолдың ұзындығы, ені мен қалыңдығы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарының сапалы болуына басты назарға алды.

 Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале