26.07.2017, 14:15
Оқылды: 62

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

20258288_1969672589975750_5385934548625429869_nБҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Медет Шақаев облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жөнделу барысына тоқталды.


Медет Махамбетұлының айтуынша, өңіріміздегі автомобиль жолдарының  жалпы ұзындығы 6 530,1 шақырым (км) болса, соның 1 392,55 шақырымы республикалық маңызда және 5 137,55 шақырымы облыстық және аудандық маңызда.

- Былтыр, яғни 2016 жылы, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмысына барлығы 5 978,6 млн. теңге бөлінсе, соның 4 338,86 млн. теңгесі республикалық бюджеттен және 1 639,73 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылды. Осы қаражатқа былтыр «Чапаев-Жаңақала-Сайқын 36-76 км», «Ақсай-Шыңғырлау 0-51 км», «Аңқаты-Сарыөмір 0-23 км», «Жымпиты-Қаратөбе 0-55 км», «Орал-Кирсанов 1-48 км» және Бұлдырты ауылына кіру жолының 0-12 шақырымы жөндеуден өтті.  Сондай-ақ ҚПО б.в. компаниясы есебінен Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 0-38 шақырымы жөнделді. Сөйтіп, 2016 жылы өңіріміздегі жолдардың 145,5 5 шақырымы жөнделді. Аудандардағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және жөндеуге барлығы 2,5 млрд. теңге бөлініп, осы қаражатқа 29,6 шақырым жол жаңартылды, - деген Медет Шақаев одан әрі ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына тоқталды.

Оның сөзінше, биылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты бағытындағы 38-53 шақырымдық және осы бағыттағы (Бөрлі-Ақсай-Жымпиты бағытындағы) 53-63 шақырымдық (15 км) жолдар жаңғыртылмақ. Және Орал-Кирсанов жолының 1-48 шақырымы, Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолдарының 36-76 шақырымы, Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолдарының 0-36 шақырым және Барбастау-Ақжайық-Индер жолдарының 0-43 шақырымы орташа жөндеуден өтпек. Сондай-ақ Үлкен Шаған мен Переметный бағытындағы жолдың 0-10, 10-20 және 20-32 шақырымдарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Бұған барлығы 6629,96 млн. теңге бөлінген. Осы қаражаттың 3944,88 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, ал қалған 2685,08 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған. Ол сондай-ақ аудандық маңыздағы жолдарды күтіп-ұстауға және жөндеуге биыл 6,6 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Көрсетілген қаражатқа 90,3 шақырым жол (74 көше) жөнделмек.

Айша ӨТЕБӘЛІ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале