8.10.2018, 22:38
Оқылды: 38

Алтай Көлгінов: «Жол жөндеу жұмыстарын ауа райы бұзылмай аяқтау керек»

IMG-20180706-WA0045Бүгін кешкісін облыс әкімі Алтай Көлгінов облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс қарқынымен танысты.

Өңір басшысы алдымен Құрманғазы көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын көрді. Облыс әкімі мердігер мекеме басшыларына жол жөндеу жұмыстарын күннің райы бұзылмай тұрып тез әрі сапалы жөндеуді тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы құрылысы аяқтала келген Гагарин көшесі, 1/1 мекенжайындағы 9 қабатты тұрғын үйдің, іргетасы қаланып жатқан Скоробогатов, 65/1 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдің құрылыс қарқынын көрді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы үй салып жатқан компания басшыларына тұрғын үйлердің сапалы әрі уақыты салынуын, сондай-ақ үйлердің қала көркін аша түсетіндей сәнді тұрғызылуы керектігін айтты.

Облыс әкімі ағымдағы жылы сүріледі деп жоспарланған Еуразия көшесі, 246, 246/1, 246/2 мекенжайындағы апатты үйлерді көріп, тұрғындармен тілдесті. Үй салушы мердігер мекеме басшыларына тозығы жеткен үй тұрғындарын уақытша пәтерге орналастыруды, құрылыс аяқталған сол сондай шаршы метр баспанамен қамтуды қатаң назарда ұстау керектігін айтты.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

  сурет zhaikpress.kz мұрағатынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале