1.06.2017, 11:39
Оқылды: 78

Жүлде қоры – 8 миллион теңге

Жастардың «Нұринтек» республикалық инновациялық байқауы өтеді. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 8 миллион теңге. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында өткен брифингте «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев айтты.


- 5 аталым бойынша өтетін конкурсқа өтінімдерді 18 мамырдан бастап 30 қыркүйекке дейін nurintech@nurotan.kz сайтында қабылданатын болады. Байқауды қорытындылау үшін сараптамалық жән конкурстық комиссия құрылады. «Әлеуметтік маңызды жобалар», «Техностарт», «Үздік жас ғалым», «Жастардың инновациялық жобасы, аталымдары бойынша 1 орынға 1 000 000 теңге, 2 орынға 500 000, 3 орынға 250 000 теңге табысталатын болады. Ал мектеп және колледж студенттерінің арасында өткізілетін «Перспектива» номинациясы бойынша 1 орын иегері Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының біреуінде грант негізінде оқуға мүмкіндікке ие болады, 2 және 3 орын ноутбук және планшет иеленеді, - деді Н.Жолдасқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале