14.03.2018, 16:11
Оқылды: 97

Жұмағазы қазірет басында Көрісу мерекесі аталып өтілді

dadem ata (2)Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарындағы «Жұмағазы хазірет – Дәдем ата» мекенінде Көрісу күніне арналған шара өтті. Тағылымды шара əулиенің тікелей ұрпағы Ғарифолла Жанбозовтың, «Телегей» қоғамдық бірлестігінің бастауымен ұйымдастырылды. Шара барысында әруақтарға Құран бағышталып, жиналғандар баба кесенесіне зиярат етті.

Қоғам белсендісі, «Телегей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Сəдірдің айтуынша, Көрісу айт мерекесін облыс деңгейінде тойлау Жұмағазы қазірет мекенінде үшінші рет ұйымдастырылып отыр екен. Көрісу күніне арналған шарада ақ жаулықты әжелер шашу шашса, жеңгелер ақ ұсынды. Халық арасынан суырылып шыққан өнерпаздарға сыйлық берілді.

- Өте жақсы шарадан табылғаныма қуанып отырмын. Бұрын үйде әкемізбен көрісіп, мектепке барғанда, дым болмағандай отыратынбыз. Қазір шүкір. Ешкімнен қымтырылмай тойлаймыз,- деген күйші, домбыра жасау шебері Едіге Нәбиев күй шертті. Күйшінің орындауындағы Дәулеткерейдің «Байжұмасы», Ақсақ құлан, т.б. күйлері жиналған ағайынды бір серпілтті. Сонымен қатар «Орал өңірі» газетінің бөлім редакторы Нұртас Сафуллин бірқатар ән орындап, көптің ықыласына ие болды. Ал Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті, облыстық «Мен қазақпын» байқауының дәстүрлі ән аталымы бойынша жеңімпазы Нұралы халық термесін орындады.

dadem ata (3)Жиналған қауым, әсіресе, ақын, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Қыдырниязованың тәрбие-тағылымға толы әңгімелерін ұйып тыңдады. Әлеуметтік желіде тәрбие сағаттарымен оқырманын қуантып жүрген ақын бұл жолы «Садақамыз сабырлы ма, тойымыз бізге не беріп жатыр?» тақырыбында ой қозғады. Ел анасы кие, сауап, обал ұғымдары, қазада жаппай қол беріп амандасу, қараны жерлеудің салты, садақада сөз алу тәртібі сияқты мәселелерді көтерді.
- Қазақты кім қалай отарласа да, ұлтты сақтап қалған осындай дәстүрлері. Мәнді шара өтіп жатқан Дәдем ата мекенінің қасиетті жерлер қатарына кіруі де ерекше болды. Бұл жерді Астанадан арнайы топ келіп қарамады. Біз бабамыз туралы бейнеролик дайындадық. Содан комиссия өкілдері сөзге келместен осы жерді тізімге енгізді. Өйткені, халық мойындайды, медет тілеп келеді. Бұл қасиетті сіздер ғана арттыра түсесіздер, - деді шараға қатысқан "Жайық Пресс" ЖШС-ның бас директоры Жантас Набиоллаұлы.

Шара соңында ағайын ақ тілегін айтып, амандық тілеп тарқасты.

dadem ata (1) dadem ata (3) dadem ata (4)dadem ata (6)

IMG-20180314-WA0054 IMG-20180314-WA0053 IMG-20180314-WA0052 IMG-20180314-WA0051 IMG-20180314-WA0050 IMG-20180314-WA0048 IMG-20180314-WA0044 IMG-20180314-WA0041 IMG-20180314-WA0043Айдана Хамидуллина,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале