14.11.2019, 18:51
Оқылды: 155

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру ережесі өзгерді

-Егер бұрын жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандарды тапсыруға тек үш мүмкіндік берілсе, енді үміткерлер емтиханнан өткенге дейін күн сайын тапсыра алады. Бұл №863 бұйрыққа өзгеріс енгізілуіне байланысты,-дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» БҚО филиалы директорының орынбасары Жанна Батаргалиева.

kualik

Қазір БҚО-да көлікті онлайн тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтың келісімімен үшінші тұлғаларға анықтама алу, бала туу бойынша белсенді қызмет және зейнетке шығу үшін бір өтінішпен композиттік қызмет таратылған.

Сонымен қатар, мамандандырылған ХҚКО-да тіркеу-емтихан пункттерінің қызметкерлері жұмыс істемейтін болды. Енді көлікті тіркеуге және жүргізуші куәліктерін беруге арналған барлық өтініштер оларға онлайн режимінде мәліметтер базасына түседі.  Қызмет көрсету туралы шешімді полицейлер өздерінің бэк-офистерінде қашықтан қабылдайды. Бұл көлік жүргізушілерге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартуға және делдал адамдардың қызметін тоқтатуға мүмкіндік береді, дейді спикер.

Н.Нұрланұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале