6.12.2018, 20:21
Оқылды: 42

«Журналист халыққа жақын болуы керек»

         «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған облыстық «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің қатысушылары Оралдағы оқушылар және жастар сарайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, танымал тележурналист Мұнайдар Балмолдамен кездесті.

Темирболат Токмамбетов2

          Мұнайдар Балмолда жас тілшілерге телеарна жұмысы туралы айтып, журналист елдің мүддесін қорғайтын мамандық иесі екенін жеткізді.

-Журналистика – өте күрделі, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін сала. Бұл салаға асқан жауапкершілікпен келу керек. Өйткені, журналист – өз жағдайынан гөрі халықтың жағдайын көбірек ойлайтын адам десем, артық айтқаным емес. Яғни, халыққа жақын болуы қажет. Жалпы қазақ журналистикасын сонау алаш тарихымен байланыстырамыз. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Жаһанша Досмұхамедов секілді көптеген арыстарымыз ақиқатты айту жолында еңбек етті. Солардың журналистік қасиеттері бізге жалғасып келді. Бүгінгі қазақ журналистерінің еңбегі де кейінгі ұрпаққа қалады.

Бір жылдары қазақтың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев қаламызға келіп, маған сол кісіден сұхбат алу бақыты бұйырды. Сонда сол кісіден: «Аға, сіз жазушысыз. Қазіргі тәуелсіз елдің тарихын сіз секілді адамдар жазбағанда кім жазады?» деп сұраймын ғой. Сонда ол кісі: «Оны сендер, журналистер, жазасыңдар» деген болатын. Яғни, журналистер еліне адал қызмет етуде аянып қалмау керек.

Өзімнің өмірден түйгенім, нағыз журналист болам деген адам өзінің басшысымен емес, халықпен дос болуы қажет. Бізді төртінші билік өкілдері деп жайдан-жай айтпайды. Билік пен халық арасындағы алтын көпір болғаннан кейін қызметіңе адал болуға тиіссің, - деген Мұнайдар Балмолданың сөзін болашақ журналистер ұйып тыңдады.

Бұдан кейін жас тілшілер фестивалінің қатысушылары Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алаңын көріп, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының қойылымын тамашалады.

Темирболат Токмамбетов4

Темирболат Токмамбетов6

Темирболат Токмамбетов5

Темирболат Токмамбетов2(1)

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Сурет: Т.ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале