28.09.2017, 13:50
Оқылды: 27

«Журналистер өз мүмкіндігін пайдаланбай отыр»

de667f92-d5f3-4968-a477-1d7482b18e42Бұл туралы «Жайық Пресс» ЖШС мәжіліс залында өткен семинарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті төрағасының орынбасары Мирболат Нұртазин айтты. Семинар тақырыбы- «100 нақты қадам аясында мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етудегі БАҚ рөлі».


Мирболат Сүйеуұлының айтуынша, жыл басынан бері бос жұмыс орындарына 789 конкурс өткізілген екен. Жалпы қатысушылар саны – 808 үміткер.

- Конкурс екі сатыдан тұрады. Алғашқысында үміткер ХҚКО арқылы тіркеліп, тестілеудің уақытын белгілейді. Содан соң ҚР заңнамалары бойынша  тест тапсырып, кейін оның жеке қабілеттері бағаланады. Егер осы сатыдан оң нәтиже көрсетсе, үміткер әңгімелесуге жолдама алады. Әңгімелесу сатысында жариялық пен ашықтық көрінеді. Өздеріңізге мәлім, конкурсқа журналистер байқаушы ретінде қатыса алады. Алайда тілшілер қауымы өз мүмкіндіктерін жете түсінбей отыр. Олар конкурс кезінде бірдей лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылды ма, бағалау парақтарына кандидатты бағалау нәтижелері қойылуда ма, осындай заңсыздықтарды қаперге алып, бізге жеткізе алады. Осы негізінде журналистік зерттеу жүргізе алады. Айта кетейін, байқаушылар дәлел ретінде әңгімелесу кезінде жазылған аудио-бейне жазбаны пайдалана алады. Журналистер конкурс басталмас бұрын бір күн бұрын тіркелуі қажет.

БҚО бойынша депртаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайрулиннің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру бойынша журналистік зерттеу, сараптамалық ақпараттар аз. «Мәселен, республика бойынша жолдағы сыбайластық жемқорлық деңгейін төмендету бойынша 10 қадам жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясындағы ақпараттар мен мәліметтер ресми парақшамызда тұр. Осы орайда журналистер пікірін білдіріп отырса дейміз», - деді ол.

zhaіkpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале