27.02.2017, 17:46
Оқылды: 40

Журналистерді байқауға қатысуға шақырды

Ауылшаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ журналистер арасында ауылшаруашылығы кооперациясының мәселелеріне арналған байқауды хабарлады.


«2017 жылдың ақпан айында журналистер арасында байқау жарияланғаны туралы хабарланды. Мемлекет басшысының «2017-2021 жылдарға арналған ауылшаруашылығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде кооперацияны дамыту жөніндегі бірден-бір маңызды бағытындағы тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл туралы өзіміздің ресми сайтымызда және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлаған болатынбыз. Байқау жеңімпаздарын қомақты сыйлықтар күтуде. Бүгінгі таңда бізге екі материал ғана түсті. Сондықтан барлық БАҚ өкілдерін байқауға белсенді қатысуға шақырамыз»,-деді Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы брифингі барысында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрі қоғаммен байланыс Басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық.

Байқауға республикалық және аймақтық БАқ өкілдері, штаттағы және штаттан тыс журналистер, сондай-ақ, интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале