27.04.2019, 17:54
Оқылды: 37

Жұртшылық жұмылған тазалық акциясы

Облыс көлемінде Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай сенбілік ұйымдастырылып, ағаштарды әктеу және қала аумағын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

20190427_174109

Тазалық акциясына мемлекеттік және коммуналдық мекемелер қызметкерлерінен 19 157 адам қатысты.

Сондай-ақ меншік иесіне қарамастан, қаламыздағы 603 мекеме-ұйым да шараға атсалысты.

20190427_174239

Облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждерден 600 студент және 300 жұмысшы жұмылдырылып, Орал қаласындағы 80 ПИК тазалық акциясына үлес қосты. Сонымен қатар қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Қызылжар көшесіне 400 түп және бірқатар кәсіпорынның ұйымдастыруымен 600-ден астам ағаш отырғызылды.

IMG-20190427-WA0041

Бұдан басқа жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен Әбілқайыр хан даңғылы, С. Датов көшелері бойындағы ағаштар әктеліп, Гагарин, Ружейников көшелері, Орал – Желаев тасжолы және Деркөл кентіндегі ТЖЖ-2 ауданында да санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды. Дәл осы күні БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 100-ден астам қала тұрғыны Хан тоғайын тазалау жұмыстарына атсалысты.

20190427_174318

Жолаушы тасымалдау мекемелерінен бөлінген 5 автобус және 25 борттың көмегімен қала аумағынан жалпы көлемі 703 м3 қоқыс шығарылды.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале