7.04.2017, 13:04
Оқылды: 39

Жыл басынан бері 73 жол-көлік оқиғасы орын алған

Jol kolik okigasi  БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында жыл басынан бері 73 жол-көлік оқиғасы  тіркеліп, одан 85 адам жарақаттанып, тоғыз адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал балалардың қатысуымен болған сегіз оқиғадан бір бала мерт болған. Мамандар жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін көлікті дұрыс басқармау және жол ережелерін сақтамаумен байланыстырады.


  - Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің заң бұзушылығынан  алты жол-көлік оқиғасы тіркелсе, нәтижесінде үш адам ажал құшты. Ал ауа райының қолайсыздығынан болған оқиғадан 3 адам қаза тауып, 17 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Жалпы, жаяу жүргіншілердің қатысуымен 39 оқиғадан, 4 адам мерт болып, 36 адам жараланды. Ал жүргізушілердің кінәсінен 69 жол-көлік оқиғасы орын алды. Өкінішке орай, жол ережесін сақтамау жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көліктерде де тыйылмай тұр. Соның салдарынан 43 жол-көлік оқиғасының орын алуына жол берген.  Сондай-ақ қоғамдық көліктердің аялдамаларда тоқтау кезінде немесе тұрақта тұрған кездерінде өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтірген  (ҚР ӘК-нің 597-бабының 3-тармағы)  әрекеттер бойынша 22 заңбұзушылық анықталып, оларға 50 АЕК көлемінде айыпұлдар салынды. Әсіресе,  автобустардың ішінде жиі көзге ілігетін №22 бағыттағы маршрут екенін де жасырмаймыз. Әлеуметтік желілерде қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты арыз-шағымдар өте жиі келіп түседі. Ал біздер өз тарапымыздан қалалық автобус парктері мен жеке жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп келеміз, - деп атап өтті жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының аса маңызды істері бойынша аға инспекторы, полиция полковнигі Виталий Гаршин.

Ләззат Шағатай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале