15.02.2017, 15:10
Оқылды: 23

Жыл басынан бері өрттен 2 адам ажал құшты

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша аула аралау арқылы рейд өткізді.


Ауа температурасының төмендеуіне байланысты электр жылыту құрылғыларын қолдану көбейіп, электр сымдарына түсетін жүктеме артады. Барлық тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау және ақаусыз жылыту құралдарын қолдану туралы профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Рейд барысында өрт сөндірушілер бірнеше көшені аралап, тұрғындармен нұсқаулық өткізіп, жадынамалар таратуда. Өрт сөндірушілер жылыту пештерін дұрыс пайдалануды, электр желілерінің жүктемесін және қысқа тұйықталуды болдырмау жөнінде егжей-тегжейлі айтып өтті.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале