10.12.2016, 14:27
Оқылды: 64

Зияткерлер мектебіндегі Ашық есік күні

fb_img_1481360980665Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ашық есік күні өтті. Облыстың бес ауданынан келген 200-ге жуық оқушыларына мектеп мұғалімдері қызықты да пайдалы сабақтар өткізді.


Олар "Сиқырлы математика", физикадан "ТехноLab", қазақ тілі, тарих, географиядан "Тілім, тарихым, мекенім", биологиядан қызықты зерттеулер, информатика бойынша роботты бағдарламалау тақырыбын қамтыды.

fb_img_1481360994070Сондай-ақ мектептің алдыңғы қатарлы тәрбие бағытындағы жобалары таныстырылды. Робот техникасы, авиамодельдеу, көзеші өнері бойынша шеберлік сағаттары өткізілді.
Шара соңында Ару Әлмұратова (Сырым), Зайнель Қаршығиева (Зеленов), Альбина Медетова (Бөрлі), Ілияс Маратов (Ақжайық), Лəззат Абылаева (Теректі) - барлығы бес оқушыға Астана қаласында өтетін Халықаралық "Экспо-2017" көрмесін тамашалауға және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ның бес күндік жазғы лагеріне қатысуға сертификат берілді. Бұл сертификатты оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген қайырымдылық жәрмеңкелері арқылы жинаған болатын.

Ақмоншақ Мақсотқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале