9.10.2019, 15:58
Оқылды: 372

Оралда «Қоршаусыз қала» жобасы қалай іске асуда? (АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ)

Осы жазда Орал қаласында «Қоршаусыз қала» жобасы басталды. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасымен көшелердегі темір қоршаулар алынып тасталды. Бірақ кейбір мекемелер адам бойынан биік қоршауларын әлі қозғамаған. Бүгінгі репортажымыз темір «қорғандар» жайлы болмақ.

Оралда «Қоршаусыз қала» бағдарламасы аясында қала аумағындағы темір қоршаулар мен шарбақтарды алып тастау жұмыстары жазда басталған еді. Ондағы мақсат – жаяуларға кедергі келтіретін темір торлардан арылып, қала тұрғындарының демалу аймақтарын кеңейту.

zhaikpress (1)

Қала ішіндегі биіктігі 2-3 метрлік темір қоршаулар көзге қораш. Олардың көбі ортақ пайдалануға арналған жерлерге салынған.

Облыс басшылығының тапсырмасы бойынша шілде айында «Қоршаусыз қала» жобасы аясында шаһарымыздағы сегіз көшедегі жалпы ұзындығы 17 шақырымдай қоршау бұзылды. Бұл жұмыстар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Еуразия даңғылы, Жуков, Гагарин, Құрманғазы және Сырым Датұлы көшелеріндегі қоршауларды алудан басталған еді. Бірақ адам ең көп шоғырланатын орталық базар аумағындағы Centercredit банк, «Форум» сауда үйі, KazTransGaz сияқты мекемелер «Қоршаусыз қала» жобасын неге қолдамай отыр? Олардың Кердері көшесі мен Мұхит көшесінің аралығындағы алып аулалары орталық базарға барған, Дина Нұрпейісова атындағы көшенің «Арбат» аталып кеткен жаяуларға арналған бөлігінен өткендерге қолайсыздық тудырып келеді. Тұрғындар бірнеше көшені айналып өтуге мәжбүр.

zhaikpress (4)   zhaikpress (14)

zhaikpress (15)

zhaikpress (3)

Сондай-ақ «Қоршаусыз қала» жобасы бойынша абаттандыру жұмыстары да жүргізілу керек-тұғын. Бірақ бұл аумақтағы көгал болуы тиіс көп жер көлік тұрағына айналған. Жоба бойынша қоршауы алынған көше бойларына түрлі композициялық туындылар қойылып, шағын гүлзарлар пайда болуы керек еді. Ал қала орталығындағы қазіргі «Қоршаусыз қала» мен абаттандыру жұмыстары жайлы келесі суреттер сөйлесін...

zhaikpress (9)

zhaikpress (8)

zhaikpress (73)

zhaikpress (74)

zhaikpress (112)

zhaikpress (113)

zhaikpress (117)

zhaikpress (118)

zhaikpress (66)

zhaikpress (67)

zhaikpress (106)

zhaikpress (103)

zhaikpress (104)

Нұрлыбек Рахманов,

сурет: Мейірбек Тажкуранов

© «Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале