9.02.2017, 11:04
Оқылды: 126

Медет Досымовты еске алуға арналған фотобайқау

medet_sundetov_ich (1)Байқау фото өнеріне ынта-ықыласы зор оқырмандарымыздың назарын аудару және облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің тарихынан хабардар ету мақсатында әрі қос басылымның алғашқы нөмірлерінің жарыққа шыққанына бір ғасыр толу мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.


Фотобайқау төмендегі аталымдар бойынша өтеді:

«Орал өңірі – туған өлкем!» - өңір тарихындағы қоғамдық маңызы бар оқиғаларды, экономиканың, әлеуметтік саланың, ауыл шаруашылығы, бизнес, мәдениет, білім берудің дамуын  бейнелейтін фотосуреттер.

«Экология және біз» - өңіріміздегі табиғаттың бірегейлігін,  маңыздылығын көрсететін және адамдардың табиғатқа жанашырлығын танытатын немесе керісінше адамдардың шаруашылық қызметінің не болмаса табиғи ортаға басқа да араласуларынан қоршаған ортаға келтірер орасан зор зардаптарын әшкерелейтін фотосуреттер.

«Фотосыз күнім жоқ» - адам баласының тұрмыс-тіршілігін баяндайтын, оның өмір сүру мәнінің сан қырын ашып көрсететін арт-фотолар, деректі фотосуреттер.

Байқауға кәсіби емес жас фотосуретшілер қатыса алады. Авторлар ұжымы, отбасы, мекемелер қатысуға да рұқсат етіледі. Қатысушылардың байқаудың әр аталымына жіберілетін фотосуреттерге шек қойылмайды. Байқауға қатысқаны үшін ақы талап етілмейді.

Байқау талаптары:

  • Фотобайқауға жіберілген жұмыстар міндетті түрде өңірдің тыныс-тіршілігімен байланысты болуы тиіс
  • Барлық суреттердің түсініктемесі болуы шарт.
  • Фотобайқауға жіберілетін фотосуреттерді компьютерлік бағдарламалар (графикалық редактор) арқылы өңдеуге рұқсат етіледі.
  • Фотосуреттер файлдары JPG, PNG, BMP форматтарында ұсынылып, өлшемі 9000х9000 рұсат етілетін 10 Mb-тан аспауы тиіс.
  • Әр фотожұмысқа мынадай мәліметтер берілуі шарт: жұмыстың атауы, қатысушының аты-жөні, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, электрондық поштасы, байланыс телефондары, оқу немесе жұмыс орны.
  • Қатысушы өз жұмыстарына графикалық редактор арқылы электрондық қолтаңбасын қалдыруға құқылы. Алайда автордың қолтаңбасында жарнамалық ақпарат болмауы тиіс.
  • Байқауға зорлық көрсету, нәсілдік, ұлтшылдық және діни кемсіту белгілері бар жұмыстар қабылданбайды.
  • Фотобайқауға жұмыстарды 2017 жылдың 30 мамырына дейін [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет.

Фотожұмыстарды бағалау

- жұмыстың толығымен байқау тақырыбына және аталымға сай болуы;

- жұмыстардың өлшемі мен форматы байқау талаптарына сай болуы;

- жұмыстың көркемдік құндылығы;

- жұмыстың техникалық сапасы.

 Байқауды қорытындылау:

Қазылар алқасы байқауды ұйымдастырушылардың, серіктестері мен демеушілерінің, шығармашылық одақтар мен бірлестіктердің өкілдерінен және фотосурет саласындағы беделді сарапшылардан жасақталады.

Фотобайқау жеңімпаздары әр аталым бойынша үш жүлде тағайындау арқылы анықталады.

Ең ерекше және мазмұнды жұмысқа арнайы жүлде тағайындалады.

Көрермен көзайымы үшін қосымша жүлде беріледі.

Фотокөрмеге қою үшін іріктеліп алынған жұмыстардың авторларына фотобайқау лауреатының дипломы беріледі. Олардың жұмыстары «Жайық Пресс» ЖШС-нің және облыстық газеттердің ресми сайттарына орналастырылады, сондай-ақ «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдық торқалы тойына арналған көрмеге қатысатын болады.

Байланыс үшін:

Орал қаласы, Мұит көшесі, 57/1, «Жайық Пресс» медиахолдингі, тел: 8(7112) 503014, 8(7112)512448, эл/пошта [email protected].

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале