29.05.2020, 16:45
Оқылды: 8

12 ауданның төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ұлттық баяндама таныстырылды

2020 жылдың 29 мамырында аудандардың бейне байланыс қосылуы арқылы төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ҚР 2019 жылдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы таныстырылды.

1

Баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалады.

Қызметкерлерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының жетекші қағидаттары, адал, парасатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірге қалыптастыру қажеттілігі түсіндірілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале