13.03.2020, 17:54
Оқылды: 26

Орал-Ақтөбе пойызында заңсыздықтар анықталды

12-13 наурызда «Адал жол» жобасы аясында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың БҚОФ және БҚО арнайы мониторинг тобымен бірлесіп, №614 Орал-Ақтөбе және №8 Алматы-Саратов бағытындағы жолаушылар пойыздарына мониторинг жүргізді.

Адал жол (10)

№614 Орал-Ақтөбе жолаушылар пойызын тексеру кезінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасының 35 және 36-тармақтарының талаптарын 121 бұзу фактісі анықталды.

Адал жол (5)

№8 Алматы-Саратов жолаушылар пойызында №4, №10, №11 вагондары жолсеріктерінің ресімделмеген жолжүкті алып жүруі фактілері анықталды. Жалпы салмағы шамамен115 келіні құрайды.

Адал жол (2)

Рейдтік іс-шаралар арнайы мониторинг тобымен, «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасының өкілдерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың БҚОФ-мен бірлесіп алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале