2.12.2020, 21:25
Оқылды: 190

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының қорытындысы шықты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті ҚР 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты жас суретшілер байқауын ұйымдастырды.

IMG_0722

Байқаудың мақсаты мен міндеті – көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау. Байқауға облыс мектептерінің 7-9 сынып оқушылары (қосымша білім мекемелері) қатысты. Байқау қорытындысы бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды:

І орын: Аманжолова Назкен – Орал қаласының №20 ЖОББМ 9 сынып оқушысы; ІІ орын: Даренова Мадина – Орал қаласының №29 ЖОББМ 8 сынып оқушысы; ІІІ орын: Есім Дилара – Сырым ауданы. Сырым ауданы ЖОББМ 9 сынып оқушысы.

IMG_0713

Алғыс хаттар:

1. Әділгереев Дәулет – Қаратөбе ауданы, Ақтай-сай ауылы;

2. Бондарь Ксения – Чувашинская жалпы білім беретін орта мектебі;

3. Чапай Ұлдай – Сырым ауданы, Қособа ауылы;

4. Әділетова Ақбота – Жалпақтал балалар өнер мектебі;

5. Исатаева Раиса – Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі;

6. Сулейменова София – Магистральный жалпы білім беретін орта мектебі;

7. Төлеген Назерке – Батурин жалпы білім беретін орта мектебі;

8. Сұңғат Ақмарал – Тасқала ауданы, Шежін жалпы білім беретін орта мектебі;

9. Қуанышева Алтын – Бөрлі ауданы;

10. Зинеденов Дияс – Сырым ауданы;

11. Деменов Диас – Д.Қонаев атындағы №44 жалпы білім беретін орта мектебі;

12. Сансызбаева Дилназ – С.Сейфуллин атындағы №11 жалпы білім беретін орта мектебі;

13. Мақсотова Рамила – С.Сейфуллин атындағы №11 жалпы білім беретін орта мектебі;

14. Жатпешова Дильназ – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялық мектеп-лицейі;

15. Амангельдиев Ризабек – Орал қаласының №43 жалпы білім беретін орта мектебі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале