16.03.2020, 9:48
Оқылды: 36

«ADAL KÓMEK» жобасына жүгінушілер көп

  14 наурыз күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінде «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығында Еріктілер жылы аясында кезекті «ADAL KÓMEK» жобасы ұйымдастырылды.

IMG_3867

Мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Тұрғындарға тегін құқықтық кеңесті адвокаттар Т.Ибрашев, Б.Имашев, И.Чариков, Р.Салимов, университет оқытушылары мен студенттері және департамент қызметкерлері ұсынды.

IMG_3872

Қабылдауға Орал қаласының тұрғыны ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау мәселелері бойынша жүгініп, заң аясында тиісті түсінік жұмыстары жүргізілді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, «ADAL KÓMEK» еріктілер жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY»-да апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге аралығында агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары тегін құқықтық кеңес беретінін назарларыңызға саламыз (БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1).

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале