19.06.2020, 20:32
Оқылды: 25

Әдеп жөніндегі кеңесте талдаулар қорытындысы қаралды

2020 жылдың 18 маусым күні видеоконференцбайланысы режимінде өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында, БҚО төтенше жағдайлар департаменті және БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметтерінде БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау қорытындылары қаралды.

9B3A2D89-C09A-444B-A443-AFC941E266FB

Кеңеспен аталған мемлекеттік орган басшыларының сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында атқарылған шаралар жөніндегі есептері тындалды.

Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңесімен аталған мемлекеттік орган басшыларына, сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселесіне қатысты бекітілген жұмыс жоспарлары толыққанды орындалуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүйелі түрде ішкі талдау жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале