19.06.2020, 17:03
Оқылды: 28

Әкімдер мен облыстық басқарма басшыларына арналған вебинар

19 маусым күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және облыс әкімі аппаратының жұртшылықпен байланыс қызметімен бірлесіп «Әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу және жұртшылықпен байланыс» тақырыбында вебинар өтті.

E1BB29B5-0A69-4E4A-8B8D-EF1EDC35689E

 Аталған мәселе Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның отырысында көтерілген болатын. Өйткені карантиндік талаптарды сақтау мақсатында іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылып, спикерлер тарапынан белгілі бір қолайсыздықтар орын алуда. Мұндай вебинарлар спикерлердің сөйлеу мәдениетін және мемлекеттік мекемелердің жұртшылықпен сапалы байланысын арттыруға септігін тигізеді.

 Мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желімен жұмыс жасау сапасын арттыру дағдыларын қалыптастыру.

 Вебинарға Орал қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қатынасты.

E31DFCDB-DB6E-4292-BF65-AA7357CC2088

 Шара барысында «Алтын сағат» қағидаты, әлеуметтік желідегі мінез-құлық, фэйк және шынайы акаунттарды ажырата білу мәселелері түсіндірілді.

 «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің жетекшісі Н.Рахманов вебинарға қатысушыларға контентпен жұмыс жасау, сын-пікірлерді қабылдау және оларға жауап беру, әлеуметтік желідегі кері байланыс және тағы басқа мәселелер туралы мастер-класс жасады.

 Айта кететін жағдай, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыстық басқарма басшылығы тікелей эфирде қабылдау жүргізсе, аудан басшылары «Адал көмек» жобасы аясында онлайн режимінде әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап беруде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале