8.08.2020, 14:27
Оқылды: 20

Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен онлайн кездесті

2020 жылдың 7 тамыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

43C8EACE-A3C7-4560-A6DE-FDCDBFE3FC7D

Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ш.Х.Құрманалина, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.М.Ермеков қатысты.

Облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ш.Х.Құрманалина қатысушыларды облыстық штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.

 Өз кезегінде, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

95AA7E30-51EA-4927-AA6A-F09D6A3967B3

 Шара соңында БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.М.Ермеков штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале