16.09.2020, 19:42
Оқылды: 94

Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері «РУ-170/2» ұжымымен кездесті

2020 жылдың 16 қыркүйегі күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «РУ-170/2» мекемесінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

 Фото (6)

Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.

Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.

Фото (2)

Өз кезегінде Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале