12.02.2020, 15:26
Оқылды: 31

Ақпараттық-насихат штаб мүшелері қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ұжымымен кездесті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшелері қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/1 мекемесінің» ұжымымен кездесу өткізді.

Фото (2)

Шараға облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшесі М.Әнесов, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Мұратов және мекеме қызметкерлері қатысты.

М.Әнесов қатысушыларды штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шара соңында мекеме қызметкерлері штаб мүшелеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл агенттігінің

 БҚО бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале