5.02.2020, 9:50
Оқылды: 24

Ақпараттық-насихат штабының мүшелері жастармен кездесті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшелері Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесті.

aqjaiyq (2)

Шараға облыстық мүшесі ақпараттық-насихат штабының Ө.Құспанов, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Е.Ерланұлы, колледждің оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

aqjaiyq (1)

Облыстық штабтың мүшесі Ө.Құспанов қатысушыларды облыстық штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шара соңында колледж студенттері штаб мүшелеріне кездесулері үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале