22.01.2020, 11:53
Оқылды: 33

«Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді

 

"Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді, деп хабарлады БҚО-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

dep kor 1 (3)

Қабылдауды БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет және Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкай жүргізді.

Қабылдауға балалар үйінің бір топ бұрынғы тәрбиеленушісі тұрғын үй алу және тұрғылықты жер бойынша тіркеу мәселелері жөнінде өтініш білдірді.

Түлектердің айтуынша, 8-9 жыл бойы тұрғын үй алу кезегі жылжымайды, ал балалар үйінен олардан кейін кеткендер үй алған.

Мәселенің мән-жайы да анықталды. Олар балалар үйіне тіркелген кезден бастап тұрғын үй кезегіне тұруы тиіс. Бірақ олар үйдің кезегіне балалар үйінен кеткен соң тұрған.

Заң бойынша балалар үйіне тіркелген сәттен бастап  бала 6ай ішінде тұрғын үй алу кезегіне қойылуы тиіс. Осы талапты бұзған жағдайда балалар үйінің жауапты тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар «QORGAU» қоры кезекке уақтылы қойылмаған мәселеге байланысты №15 балалар үйінің басшылығына қатысты сот талап-арызын жасау үшін заң тұрғысынан кеңес береді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале