14.01.2020, 18:33
Оқылды: 82

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды

Бүгін «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, кеңсенің белсенді мамандары алғыс хатпен марапатталды.

dep kor (2)

Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет, сондай-ақ «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева мен өңірдегі арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Түркина қатысты.

-Жобалық кеңсенің жұмысын жүргізіп, 120-дан астам адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік танытып жүр. Қоғамдағы өзекті мәселені шешуде топ мүшелерінің қосып жүрген үлесі зор. Облыс бойынша 1200-ден астам тұрғынның әр түрлі мәселелер төңірегіндегі арыз-шағымдары тыңдалды. Оның 170-і жергілікті атқарушы құрылымдардың деңгейінде шешілсе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 53 ұсыныс келіп түсті.

dep kor (3)

«Ақжайық – адалдық алаңының» басты жобаларының бірі – мемлекеттік сатып алу үрдісіне қоғамдық топ мүшелерінің қатысуымен мониторингтік сараптама жүргізу. Мемлекеттік мекемелердің жұмысына қоғамдық бақылау орнатылды. Жобалық кеңсе электронды кезек жүйесін енгізуді дамытып, мемлекеттік қызметті бір терезе қағидаты негізінде алуға жағдай жасап, ашық әкімдік шараларын ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды әлеуметтік желіде де жүргізіп келеді. Айта кетсек, whatsapp желісінде мемлекеттік қызметкерлердің чаты ашылды. Онда облыс, қала, аудан-ауыл әкімдіктерінің басшылары, мемлекеттік қызметкерлер бар. Аталмыш чат арқылы тұрғындар көтерген әлеуметтік мәселелер жедел шешімін табуда. Облыстық сот пен Орал қаласының соттары «Open Space» форматымен азаматтарға қызмет көрсету принципіне толығымен көшті. «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында жолдардың сапасына, аулаларды абаттандыруға мониторинг жүргізіледі, - деді Әлия Салиева. Сондай-ақ ол жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың жалғасатынын жеткізді.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы жобалық кеңсенің қызметіне оң бағасын беріп, ашықтық, адалдық турасында ұсынған жобаларының тұрғындар тарапынан қолдауға ие болып жатқанын атап өтті. Ал өңірдегі арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Түркина аталмыш топтың жұмысына тоқталды.

dep kor (4)

Басқосу соңында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бірқатар қызметкері марапатталды. Олардың қатарында облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы Орынбек Насимуллин, Орал арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкер Мира Отарбаева, Құрманғазы атындағы саз колледжі директорының орынбасары Медет Төлепов, Орал қалалық №1 емхананың эпидемиолог дәрігері Қайрат Төлеуғалиев бар.

dep kor (5)

                                                                                      Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале