18.01.2021, 10:17
Оқылды: 286

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағаларына мониторинг жалғасуда

15 қаңтарда «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Орал қаласының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласындағы «Алтындар» және «Анвар» әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағаларына мониторинг жүргізді.

Monitoring (1)

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілген болатын (картоп – 122 теңге /кг, басты пияз – 117 теңге/кг, сәбіз – 121 теңге/кг). Бекітілген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары (өнімнің 3 түрі бойынша) жаңа өнім қорларының жеткілікті болуына, сондай-ақ жаңажылдық мерекелер кезінде осы өнім түрлеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге байланысты қысқы кезеңде баға белгілеуге оң әсер етеді.

Мониторинг барысында «Алтындар» супермаркетінде (картоп – 103 теңге /кг, басты пияз – 114 теңге/кг, сәбіз – 120 теңге/кг), «Анвар» супермаркетінде (картоп– 166 теңге /кг, басты пияз – 83 теңге/кг, сәбіз – 156 теңге/кг) анықталды.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық -инновациялық даму басқармасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале