30.05.2020, 13:26
Оқылды: 20

«Әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу және жұртшылықпен байланыс» тақырыбында вебинар өтті  

30 мамыр күні «Антикор орталығы» сервистік орталығынан қосылу арқылы БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу және жұртшылықпен байланыс» тақырыбында вебинар  өтті.
F194AFC8-F13F-47A2-8307-5B660181394D

Мақсаты – «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасына жауаптылар мен мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желімен жұмыс жасау сапасын арттыру дағдыларын қалыптастыру.

 Шара барысында тікелей эфирге дайындық, дауыс ырғағы, «Алтын сағат» қағидаты, әлеуметтік желідегі мінез-құлық, фэйк және шынайы аккаунттарды ажырата білу мәселелері үйретілді.

 Аталған мәселе Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның отырысында көтерілген болатын.

 Өйткені карантиндік талаптарды сақтау мақсатында іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылып, спикерлер тарапынан белгілі бір қолайсыздықтар орын алуда. Мұндай вебинарлар спикерлердің сөйлеу мәдениетін және мемлекеттік мекемелердің жұртшылықпен сапалы байланысын арттыруға септігін тигізеді.

 Вебинарлар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале