8.07.2020, 1:26
Оқылды: 34

«ANTIKOR.LIVE»: Короновирус инфекциясының таралуына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету

7 шілде күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында короновирус инфекциясының таралуына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн режимде кездесу өтті. Фото

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ш.Р.Искакова және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева қатысты.

Фото 1

 Шара барысында короновирус инфекциясының таралуына байланысты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 Н.И.Самет өз сөзінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, «Дәріханаларда өмірлік маңызды дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне жол берілмейтіндігін және кінәлілердің жауапкершілікке тартылатындығын» атап өтті.

 Карантин кезінде өңірде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және БҚО кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп арнайы мониторингтік тобы құрылады.

 Мониторингтік тобының мақсаты – дәрілік заттарды бөлшек саудамен сату барысына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дәрілік заттар бағасының негізсіз жоғарылауын анықтау болып табылады.

 Егер азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале