19.02.2020, 10:35
Оқылды: 21

«Әріптестеріңіздің қателігін қайталамаңыз!»

2020 жылдың 17 ақпан күні «ANTIKOR ORTALYGY» «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс Қазақстан аймақтық филиалы ұжымымен кездесу өткізді.

antikor ortalygy (1)

Шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің БҚО аумақтық инпсекциясы басшысының орынбасары З.Туралиев және инспекция қызметкерлері қатысты. Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырып, оларды адалдыққа, парасаттылыққа және мемлекет пен халық мүддесіне қызмет етуге шақырды.

antikor ortalygy (2)

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

З.Туралиев өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың адамдарды ұстау, оларды жеткізу, сондай-ақ браконьерлік мақсатта пайдаланылатын мүлікті тәркілеу жөніндегі өкілеттіктері Заңмен кеңейтілгенін хабарлады. Браконьерлік үшін ғана емес, сондай-ақ бағынбағаны, зорлық-зомбылық қолданғаны және инспекторлардың өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар, ол өз әріптестерін қызметтік міндеттерін адал атқаруға және заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Еске сала кетер жайт, 2019 жылы Охотзоопром» ӨБ» РМҚК БҚАФ басшысы Саматов (5 600 000 теңге көлемінде айыппұл) және басшының міндетін атқарушы Алимкулов (500 000 теңге көлемінде айыппұл) сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале