18.03.2020, 15:27
Оқылды: 19

«ANTIKOR ORTALYǴY» азаматтарды онлайн қабылдайды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлайды: 

Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты 2020 жылдың 18 наурызынан бастап «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығының қызметі және уақытша азаматтарды қабылдау тоқтатылды.

каз

Бұрын жазылған азаматтар өз кезегін сақтайды және қабылдаулар жаңартылғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатын болады. Дегенмен бекітілген кестеге сәйкес департамент басшылығымен азаматтарды онлайн қабылдауды ұйымдастыру қарастырылған. Бұл үшін кеңсенің 8(7112)  98-47-08, 98-47-09 нөмірлеріне хабарласуы қажет.

Сонымен қатар барлық азаматтар үшін «е-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді жолдау мүмкіндігі сақталатынын атап өтеміз.

Қағаздағы өтініштерді қабылдау үшін департаменттің кезекші бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде арнайы жәшік орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда, 8 (7112) 98-47-57, 98-47-69 нөмірлері арқылы департаменттің жауапты қызметкерлерімен хабарласа аласыздар.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call-орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды. Кезекші бөлім 98-47-20

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале