13.01.2021, 17:12
Оқылды: 392

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

13 қаңтар күні «Ақжайық – Адалдық алаңы» жобасы аясында «Мирлан» базарындағы ет жеткізу және оларға зертханалық зерттеу жүргізулеріне мониторинг жүргізілді.

 Фото (2) (8)

Сату алаңдарында ет бағалары қалыпты. Ет сатып алушылардың көптігі байқалмайды. Сатушылардың сөздеріне сәйкес соңғы кезде ет келуі азайған. Карантиндік талаптар сақталған.

«Ақжайық – Адалдық алаңы» жобасының менеджерлері, қоғам өкілдері басқа да сауда үйлерінде, базарларда, дәріханаларда тұрақты түрде мониторингтер жүргізуде.

Фото (4) (5)

Еттің заң талаптарына сай болуы – ветеринария саласы арқылы бақыланады.

Соңғы жылдары ветеринария саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстары жыл сайын тіркелуде. 2 жылда 9 тұлға ветеринариялық анықтамасыз ет сатуды кедергісіз жүзеге асыру үшін пара берген. Барлығы да сот шешімімен айыпты болып танылып, әртүрлі көлемде айыппұлдар салынды.

Фото (7) (2)

Еттерді базарға жеткізу кезінде ветсинспектормен жеткізу арасында тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындайды. Жеткізушілер тарапынан рұқсат қағаздарын заңсыз сатып алу әрекеттері орын алуы мүмкін.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале