28.11.2020, 11:32
Оқылды: 205

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымымен кездесу өтті 

2020 жылдың 27 қараша күні ҚР ІІМ «Батыс Қазақстан облысы мамандырылған күзет қызметті басқармасының» ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

DSC_0204

Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Е. Ерланұлы қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале