26.12.2018, 18:06
Оқылды: 56

Биыл БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес 21 тәртіптік іс қараған

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов айтты.
6108de75-f590-4adf-a1b6-0b8ccb53ef79

-Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әдептілікті арттырудың маңызды элементтерінің бірі - Әдеп жөніндегі кеңес. Әдеп жөніндегі кеңестер, Агенттіктің Департаменттері жанындағы бұрын соңды болған тәртіптік кеңестер негізінде 2016 жылы құрылды. Биыл Әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда жалпы 64 мәселе қаралса, оның 43-і немесе 67% профилактикалық бағыттағы мәселелер және 21 тәртіптік істі құрады, - деді Болат Әлімханұлы.

Айта кетейік, 2016 жылы 12 отырыс өткізіліп, 73 мәселе қаралса, оның 54-і тәртіптік іс, ал 2017 жылы өткізілген кеңестің 13 отырысында 93 мәселе қаралса, оның 43-і тәртіптік іс.

Профилактикалық мәселелерді қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға, мемлекеттік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік этика нормаларының бұзушылықтардың алдын алу бағытында 71 ұсыныс жолданды.

Қаралған 21 тәртіптік іс материалдарының қорытындысы бойынша, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы негізінде 10 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 5-уі қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және 5-уі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 11 тәртіптік істің қаралуы тоқтатылды.

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале