25.11.2020, 19:04
Оқылды: 280

Біздің таңдауымыз адал бизнес!

Батыс Қазақстан облысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Kazakh invest» АҚ бірлесіп «Protecting Business and Investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жобасын жүзеге асыруда.0408a2293faf36ad52407dd4fbf08a03_LЖобаның мақсаты – кәсіпкерлердің тек қана инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау болып табылады. Аталған жоба аясындағы шаралар өңірдегі инвестициялық бизнес-климатты жақсартады. Жоба инвестициялық жобаларды басынан аяғына дейін, қоса алғанда консультациялар, нормативті-құқықтық актілерді түсіндіру, инвестициялық жобаларға кедергі болатын лауазымды тұлғаларға қатысты арыздарды қарауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында жобалық офисімен «Конденсат» АҚ, «ABC Мұнай» ЖШС, «Пош Руно» ЖШС, «ОК Орал Кабель» ЖШС, «134» ЖШС, «Квант» ЖШС, «World green Company» ЖШС, «DMD Production» ЖШС, «Топан» ЖШС, «Grand Hotel Service» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «ПСП Серік» ЖШС, «Central Feedlot» ЖШС, «Созвездие Казахстан» ЖШС, «Бисенғалиев» ЖК, «Ашық Жол» ЖШС, «Х.Капанов атындағы халықаралық гимназия» ЖШС, «Batys treiler» ЖШС, «West Agro Food» ЖШС, «КАЗ ХОЛ» ЖШС сияқты компаниялармен жалпы құны 852 млрд. теңгені құрайтын 24 инвестициялық жоба қамтылған.

Мәселелерді оң шешілген мысалы ретінде келісіні айтуға болады: бізге Орал қаласында азық-түлік өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасын жүзеге асыратын «Таккер» ЖШС басшысы жүгінді. Ол карантин кезеңінде ұйым қызметкерлерінің жүруіне қойылған шектеулерге қатысты мәселе көтерді.

Департаменттің жедел нәтижесі бойынша «Таккер» ЖШС қызметкерлерінің қала ішінде қозғалуына шектеу қою мәселесі оң шешіліп, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Айта кету керек, жобаның қатысушылары болуға ниет білдірген кез-келген инвесторлар 98-47-73 байланыс нөміріне және [email protected] электрондық мекен-жайы бойынша хабарласа алады.

Барлық кәсіпкерлерді инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісім жасауға шақырамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале