28.02.2020, 9:21
Оқылды: 31

«БҚО білім беру ұйымдарында академиялық адалдық саясатын енгізу тәжірибесі»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Білім беру ұйымдарында академиялық адалдық саясатын енгізу тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Adaldyk (7)

Шараға департамент басшысы Р.Ақмырзаев, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары М.Мұқаев, облыстық ақпараттық-насихат штабының жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ төрағасы Н.Жолдасқалиев, шетел мұғалімі Кристиан Сорилья, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі С.Иргалиев, білім басқармасының басшылығы, университет проректорлары мен колледж директорлары, оқу орындарының студенттері қатысты.

Adaldyk (2)

Семинар аясында колледж студенттері бейнелеген байқаудың үздік суреттері мен эсселері дәліздерде таныстырылды. Алдағы уақытта аталған суреттерден мемлекеттік мекемелерде арнайы көрме ұйымдастыру ұсынылды. Еске сала кететін жайт, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде өткен жылдың желтосқан айында Агенттік төрағасының орынбасары Н.Шабдардың қатысуымен «Парасаттылық мектебі» ашылған болатын.

Adaldyk (4)

«Жаһанша» – адалдық алаңы» жетекшісі Береке Орынбасар колледжде адалдықты қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, замандастарының бойына парасаттылықты қалыптастыруда бар үлестерін қосатынын атап өтті. Академиялық адалдық қалыптастыруға бағытталған келесі семинар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жалғасын табады.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале