26.11.2018, 13:02
Оқылды: 13

БҚО-да биыл меценттар көмегімен 166 жоба жасалды

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында БҚО-да жұмыс белсенді жүзеге асуда. Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

 rj-Депутаттық корпус үлкен қолдау көрсетуде. Бағдарлама аясында биыл 175 мыңға жуық адамды қамтыған 350-ден астам маңызды шара өткізілді.
Демеушілер мен меценаттар көмегімен 166 жоба жасалды. Облыс орталығында меценаттар арқылы ерекше мұқтаж адамдарға арналған құны 200 млн. теңге үй құрылысы жүргізілуде. Жоспарымызда тағы 43 жоба бар.
Республикалық қасиетті орындар тізіміне енген облыстағы 7 нысанға жолдар тарту мен инфрақұрылым жасау жұмысы қолға алынды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде ішкі туризм дамып, облысқа келетін туристердің саны артады деп күтілуде.
«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірге «Crowdsourcing.kz.» жобасы іске асты. Бүгінгі күні 150-ден астам жоба ұсынылып, дауыс берілді. Іріктелген жобаларды Орал қаласы әкімдігі жүзеге асыратын болады, - деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале