14.07.2020, 20:25
Оқылды: 43

БҚО-да дәріханаларға мониторингтер жалғасуда

Тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығын сақтау мақсатында арнайы мониторингтік тобымен мониторинг жұмыстары жалғасуда. 63C20675-8766-453F-9D5C-00D9AAD3B937

14 шілде күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі, облыстық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, қоғам өкілдерінің және фармацевтикалық бақылау қызметі өкілдерінің қатысуымен Орал қаласының дәріханаларына (Мөңкеұлы 83/3, Мөңкеұлы 79, Б.Майлин 45 А, Құрманғазы 202 мекенжайлары бойынша) мониторинг жүргізілді. Аталған мониторингтер аудандарда жүргізілуде. Мониторинг барысында дәріханаларда бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған жоқ.

20BB0909-8039-4E62-BB7D-AC02DD5F765B

 Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысына Катардан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Келген гуманитарлық көмекке алыпсатарлықты болдырмау мақсатында мониторинг жүргізілді.

D3D7D7C0-1EE2-482A-9EEF-8069A6237F17

 Мониторингке БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева және «Халықтық бақылаудың» мүшесі А.С.Туркина және еріктілер қатысты.

5643573C-A60B-4226-9AD1-195BEA926BD2

 Гуманитарлық көмек ішінде дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары бар. Алдын ала алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін арнайы мөр жасалып, онда «ТЕГІН БҚО гуманитарлық көмек» («БЕСПЛАТНО ЗКО гуманитарная помощь») деп жазылды. Әрбір дәрі-дәрмек пен қорғаныс заттары сол мөртаңбамен таңбаланатын болады.

 Алдағы уақытта аталған бағыттағы мониторингтер өз жалғасын табатын болады.

 Азаматтар дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз көтерілу фактілеріне тап болған жағдайда, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің 8 747 492 91 79 WhatsApp нөміріне және республикалық «Адалдық Алаңы» кеңсесінің 8 702 000 24 94 нөміріне хабарласа алатындықтарын естеріңізге саламыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале